Астанада алты баласымен киіз үйде тұрып жатқан отбасы көмекке мұқтаж

Астанада алты баласымен киіз үйде тұрып жатқан отбасы көмекке мұқтаж
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада алты баласымен киіз үйде тұрып жатқан отбасы еріктілердің көмегіне  мұқтаж. Биылғы тасқыннан кейін үйлерінен айырылғандар жаңа баспананың құрылысына қол ұшын созар адамдарды іздестіріп жатыр. Далада түнеп жүрген отбасыға осы жазда қайырымды жандар көмектеспек болып, жаңа үйдің құрылысын бастаған еді. Алайда ол іс аяқсыз қалыпты.


¤Қыстың көзі қырауда, ал 6 баланың анасы мүгедек күйеуімен бірге көшпенді қазақтың күйін кешуде. Анығын айтсақ, олар киіз үйді паналап отыр. Отбасының  мүшкіл жағдайымен танысқан қайырымдылық қоры көмек қолын созуға тамыз айында уәде беріпті. Алайда, құрылысқа асарласар адам тапшы.


«Адамдар келіп кішкене бізге көмектессе екен, жалғыз Көңілбайдың қолынан ештеңе келмейді. Ол жүгіріп жүр. Қазіргі уақытта балам жасап жатыр. Қамыс апарып, жаңа төбеден өзім түстім», - деді қала тұрғыны Раушан ИМАНҒАЛИЕВА.


Қоғамдық қор өкілдерінің айтуынша, баспана құрылысы демеушілердің көмегімен басталған. Қайырымды жандар ақшалай ғана емес, құрылыс заттарымен де, азық-түлікпен де көмектесуде. Алайда баспананы тұрғызу жұмыстары тоқтап қалуы әбден мүмкін. Өйткені бірнеше күннен бері құрылыс алаңындағы асарға ешкім келмейтін көрінеді.


«70 пайыз материалдар бар. Ақша жетіспейді. Енді көрші-көлем, жора-жолдас, Астана қаласының еріктілері, жастар бір-бір күннен келіп көмектессе, сонымен бітетін жұмыс», - деді қайырымдылық қорының өкілі Көңілбай ШҮКЕНОВ.


Көңілбай Шүкенов отбасының басындағы тауқыметке бей-жай қарай алмайтын қала тұрғындарын асарға шақырады. Тәулік бойы демалмасақ та, алғашқы қарға дейін үйді салып бітіру қажет, дейді ол.


«Осы жердегі балаларды далада қалдырмауға тырысып жатырмыз. Бұдан басқа төрт үй бар екенін өздеріңіз білесіздер», - деді қайырымдылық қорының өкілі Көңілбай ШҮКЕНОВ.


Егер асаршылар табылып, қарқынды жұмыс басталса, отбасы қазан айының соңында қоныс тойын тойлайды. Әзірге құрылыс алаңында тек Раушан Иманғалиеваның үлкен ұлы ғана жұмыс істеуде. 


Әлия Алмауытова, Нұрлан Өтегенов, «Алматы» телеарнасы Астанадан


Новости партнеров