Астанада аударылған батуттан зардап шеккен балалар әлі ауруханада

11.05.2018 16:46

Батуттан ұшып кеткен бес баланың біреуі әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Астанада бір жеті бұрын сауда үйінің алдында болған оқыс оқиғада зардап шеккендер бүгінге дейін медициналық көмекке зәру. Қазір олардың екеуіне ота жасалған. Құлаған балалардың бас - миы шайқалып, ішкі ағзалары зақымданған,- дейді дәрігерлер. Ал балалар ойнайтын алаңның иесіне енді қандай жаза қолданар екен? 

Бес баланың ата-анасының көз жасына себепкер болған оқыс оқиға желіде бірден тарап кетті. Оны көрген куәгерлер әлі де өз-өздеріне келер емес. Наталья Белянина сол кезде аталмыш батутқа балаларымен барған.

«Оқиға болардан 20 минут бұрын барғанбыз. Балаларым сол батутта ойнағысы келді. Бірақ бұрындары батуттардың ұшып кететіндігін көргесін, жібермедім. Айтып болмадым, қатты жел оны ұшырып әкетті. Осындай балалар ойнайтын алаңды алып тастаған жөн. Өйткені, кір әрі желді күндері қауіпті»,-деді куәгер  Наталья БЕЛЯНИНА.

Батутты пайда көзіне айналдырғандар қалада жетіп артады. Мұндай балалардың көңіл көтеру алаңында сақтықтан бөлек, арнайы оператор мен әкімші жұмыс орнында әркез отыру керек,- дейді осындай тағы бір батут әкімшісі.

«ТЖД ережесіне сәйкес, әрбір батут жерге қадалған қазыққа байланады. Тереңдігі 30-40 см болатын арнайы темір шегелерді батутты айнала ұстап тұрады. Одан кейін сақтандыру тағы бір жіп болады. Демек, жел болсын, дауылды жағдайда батутты алғашқы байланған жіптер ұстамаса, екіншісі орнында ұстап қалуы тиіс»,-деді батут әкімшісі Иван БАЙРАМОВ.

Оқыс оқиға болған батут иесі қазіргі кезде тергелуде. Оның жұбайы қателік кеткенін мойындайды. Ал төтеншеліктер біз дауылды ауа райы туралы ескерттік- дейді.

«Батуттарды пайдаланған кезде бірқатар шектеулер бар. Олардың жұмысына тиым салатын. Олардың бірі - қолайсыз ауа райы кезінде. Осы батуттар өз жұмысын тоқтатып, балаларды ойнатпай, алаңнан шығару керек. Алайда, өкінішке орай, бұл шектеу орындалмай, салдары қайғылы оқиғаға әкеліп соқтырды», -деді Астана қаласы ТЖД төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің бастығы Еркін ОТАРҒАЛЫМҰЛЫ.

«Операторды жұмысқа алғанда арнайы дайындық жұмыстарын жүргіземіз. Ережені түсіндіреміз. Дабылды және дауылды күндері батутқа адамды мінгізбеу керек деген сияқты. Бірақ дәл ол кезде біз басқа нысанда болдық. Сондықтан операторымыздың іс-әрекетін білмейміз, қадағалай алмадық. Оператордың өзі де қандай бір себеппен балаларды алаңнан алып шықпаған түсінбедік», - деді батут иесінің жұбайы Зарина ТАНИЕВА.

Оқиғаға қатысты құзырлы орган өкілдері тексеру жасап жатыр.

«Осы дерек бойынша ҚР ҚК 360-шы бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Осы тергеу аясында барлық тиісті сараптамалар тағайындалған. Сонымен қатар, осы батуттың иесіне қатысты тергеу амалдары жүруде, барлық өткізілген процессуалдық әпекттерден кейін, тиісті шешім қабылданатын болады»,-деді  Астана қаласы Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Софья ҚЫЛЫШБЕКОВА.

Зардап шеккен бес баланың біреуі әлі де ауыр халде. Бірақ дәрігерлер ауыр жағдайда жатқан қыз бала жайлы алдын ала ештене айта алмаймыз,- дейді. Көбісі басынынан зақым алған, ішкі ағзалар қатты соққыдан зардап шеккен.

«Алдын ала айтуға қалай болатынын. Қолдан келгенша жәрдем беріп жатырмыз. Ми-бас жарақатына сәйкес болғандықтан, сондықтан қазір реанимация бөлімшесінде бақылауда ол бала»,-деді Астана қаласы №2 аурухананың бас дәрігері Біржан ДАСМАЙЫЛОВ.

Оқыс оқиғада зардап шеккендердің жағдайын ретке келтіру үшін шетелден де мамандар тартылған. Олар жақын арада отандық дәрігерлердің қатысуымен бұл жағдайда қандай ем-дом жасалауы керек туралы консилиум өткізбек. Бұл жағдай қала әкімі Әсет Исекешевтіңде бақылауында.


Теги: емхана