Астанада азғындық әрекет жасаған педофил ұсталды

05.05.2017 16:22

Астанада азғындық әрекет жасаған педофил ұсталды.  Қаршадай қызды зорламақ болған ер адамды полицейлер емес, құрылысшылар қолға түсірген. Айуандық әрекетке барған зұлымның әрекетіне ашулған құрылысшылар педофилді соққының астына алыпты. Елордалық полицейлердің мәлімдеуінше, педофил жеткіншекті аудан орталығынан бос жатқан өндіріс орнына қарай алдап, алып кеткен.

«Осы баппен қаралатын санкциялар бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ұсталған азаматқа қазір сараптамалар тағайындалып,  тергеу жүргізуліуде. Қазір қызға психологиялық жақтан көмек көрсетілуде»,- деді ІІД ресми өкілі, Софья ҚЫЛЫШБЕКОВА. 

Қамыс арасына алдап алып барған қыздың жасы небәрі алтыда. Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 48 жастағы ол бұрын да істі болған екен.