Астанада жаңадан құрылған «Байқоңыр» ауданына адам өмірін қолайлы ететін 30-дан астам заманауи техникалық құралдар орнатылады. «Ақылды аудан» жобасы аясында алдымен 90 аула қайта жөндеуден өтеді. Байқоңыр әкімдігі жұмыстарды толықтай инвесторлар қаржыландырады,- дейді.
Енді ғана екі айдың жүзі болған «Байқоңыр» ауданының тұрғындары жаңа әкіммен кездесті. Айтар уәж көп, талап шаш етектен. Тұрғындардың біразын маңайдағы қоқыстың көптігі, тазалықтың жоқтығы мазалайды. Жертөледе тышқандар мен кеміргіштер көбейді дегендер де бар. Бұқараның базынасын тыңдап біткен әкім, мәселе біртіндеп шешіледі,-деді. Ал Астананың төртінші болып құрылған ауданы болашақта бөлек кейіпке енеді. "Жастар" шағын ауданындағы аулалар жөнделіп, ЛЭД шамдары орнатылады. Тұрғын үйлердің қас беттері боялып, шатырлар түгелдей ауыстырылады.
«Ешқандай бюджеттен бір тиын ақша кетіп жатқан жоқ. Олардың бәрі пилоттық жобалар. Инвестордың жеке ақшасы. Мынау 4 үйге есеп қондырғыларының алатын болсақ, құр ғана бір компания 30 - 50 мил. дейін ақша жұмсап отыр»,-деді Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі Ерлан ҚАНАЛИМОВ.
Жаңа ауданға бейнебақылау камералары қойылады. Тіпті көшеде жедел жәрдем мен полицей шақыратын арнайы құрылғы орнатылмақ. Одан бөлек, көлік жолдары жасалып, автотұрақ шешіледі.
«Аулаларда заңсыз, рұқсатсыз салынған автотұрақтар бар. Сондықтан кейбір аулаларда көліктер ретсіз қойылады. Бұл адамдардың жүріп-тұруына кедергі келтіреді»,-деді Астана қаласы сәулет, қала құрылысы жер қатынастары басқармасы аясындағы урбанистика орталығы басшысының орынбасары Асхат САДУОВ.
«Астанадағы 4-ші болып тіркелген аудан - «Байқоңырға» қарасты "Жастар" шағын ауданында замануи техника мен тың технологияларға үлкен мән берілмек болашақта. Соның бір дәлелі ретінде аталмыш әкімдіктің мамандары бір үйдің кіребересіне су жаңа домофон орнатқан. Оның ерекшелігі неде? Біріншіден, ол күні-түні келіп-кеткен бақылау камерасы бар. Мына жерде ол. Ал екіншісі жедел-жәрдемді үйге кірмей-ақ шақыруға болатын ыңғайлы тетікше бар. Ал ең басты ерекшелік - арнайы смартфонға орнатылған бағдарламада. Мысалы, адам үйіне кіре алмаған жағдайда немесе кілтін ұмытып кетсе, осы смартфон, бағдарлама арқылы аша алады»
«Неше түрлі, 30-дан астам технологияны енгізу осы домофоннан басталған. Жақынарада есептегіш құралы қондырылатын болады. Есептегіш құралдары өзінің ақпаратын тікелей контролерға жеткізіп барады. Телефонмен хабарлап, смс жазудың қажеті болмайды. Тұрғын еш артық қимыл жасамайды»,-деді «Аstana innovations» ақ баспасɵз хатшысы Əлiбек АБУ-АЛИ.
«Ақылды аудан» жобасы үш кезеңнен тұрмақ. Біріншісінде Бараев көшесіндегі 14 үйге тиісті жұмыстар жүргізіледі. Жұмыстың толық жасалуына мамандар жарты жыл уақыт керек дейді. 30-дан астам енгізілген тың технологиялардың халыққа ұнағаны, ең үздік дегендері келесі кезеңде жасала береді.
Фото: baribar.kz