Астанада есірткі тасымалымен айналысқан ірі ошақ орны анықталды. Елорда полицейлері жүргізген арнайы рейд барысында еліткіш заттарды тасымалдау және таратумен айналысқан бірнеше адамды тұтқындаған. Ол жерден 15 келі есірткі тәркіленіпті. Ақпарға сәйкес, қолға түскендердің бірі бұрындары істі болған 35 жастағы Жамбыл облысының тумасы екен. Ол аталмыш бизнесті бақылауда ұстаған. Ал, тауарды жеткізу әрі сатумен 37 және 39 жастағы екі азамат айналысқан. Бүгінгі таңда ішкі істер департаменті тарапынан тергеу амалдары тағайындалған.
«Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 297 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеліп тексерілуде. Барлық ұсталған күдіктілер уақытша қамау изоляторына қамауға алынған», - деді Астана қаласы іід ресми өкілі София ҚЫЛЫШБЕКОВА.