Астанада құрылыс нысаны құлап, 2 жұмысшы көз жұмды

18.09.2017 05:06

Астанада жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанының қабырғасы құлап, екі адам көз жұмды. Үйінді астында қалған тағы бір азамат аураханаға жеткізілген. Бірақ, ол да ес-түссіз жатқан көрінеді. Белгілі болғандай оқиға қыркүйектің 17 күні Сарыарқа ауданы, Алаш аймағында тіркелген. Істің мән-жайын анықтаған құзырлы органдар болжамынша қабырға, қабаттардың ара жігін қосу барысында  артық салмақты көтере алмай құлаған. Осы жағдайға орай, Ішкі Істер Демартаменті құрылыс нысанының басшысы үстінен қылмыстық іс қозғапты. Қазіргі  таңда ол уақытша тергеу изоляторына тоғытылған.

«47 жасар осы құрылыс нысанының басшысы қазіргі таңда ҚР Қылмыстың процецуалдық кодексінің 28 бабымен ұсталып, уақытша қамау изоляторына  қамауға алынды. Осы баппен қаралатын жазаның санкциясы 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру», - деді¤ ІІД ресми өкілі Софья ҚЫЛЫШБЕКОВА.