Астанада құтқарушылар 7 жасар қызды ажалдан арашалап қалды

20.07.2017 17:18

Астанада қараусыз қалған кішкентай бүлдіршін тұрғын үйдің 9 қабатындағы ашық тұрған терезеден құлап кете жаздады. Абырой болғанда, дер кезінде жеткен құтқарушылар 7 жасар қызды ажалдан арашалап қалды. Оқиға кешкі сағат 8-дер шамасында болған.   Құтқарушылар қыз тұрған пәтерге бас сұқпақ болғанда, есік құлыптаулы тұрған. Сондықтан, олар арнайы техниканың көмегімен биікке өрмелеп шығып, қызды құтқарып қалды. Құтқару операциясына барлығы 3 техника мен 10-нан астам адам жұмылдырылды.

«Құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтар арқылы қызды құтқарып, оны тыныштандырып ата-анасы келгенше қыздың қасында болды. Анықталғандай қыз 2010 жылы туған. Оны ата-аналары сыртынан жауып кеткен болып анықталды»,- деді ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі, Аягөз ФАЗЫЛОВА.