Астанада Орталық Азия аумағындағы ең ірі медиа апталық басталды

05.10.2017 в 01:22

Астанада орталық азия аумағындағы ең ірі медиа апталық басталды. Бұл -  отандық журналистердің ғана емес, шетелдік бақ өкілдерін де бір арнаға тоғыстырған алаң. Ақпарат және байланыс министрлігі мен «ҚазМедиа орталығы» халықаралық медиахабы ұйымдастырған бұл шара 3 күнге созылады. Онда медиа саласында бәсекелестікті дамытып, байланыс орнатуға болады. Сонымен қатар, тиімді уағдаластықтарға қол жеткізуге мүмкіндік бар. Аталмыш апталыққа 15 отандық, 7 шетелдік телеарналар қатысуда.

Бәсекелестікті дамытып, қарым-қатынас орнату-заман талабы. Бүгін Орта Азия аумағындағы ең ірі әрі бірінші болып ұйымдастырылған «Астана Медиа Уик» шарасы басталды. Мұнда кәсібилікті дамытуға бағытталған түрлі тақырыптық алаңдар ұйымдастырылған. Одан бөлек, Сандық маркетинг, жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға бағытталған семинарлар да ұйымдастырылмақ. Өздеріңіз көріп тұрғандай, түрлі отандық және шетелдік арналар өз тауарларын ұсынып, жаңа мүмкіндіктерге ие болады десек болады. Айта кетейік, осы ауқымды шарада шамамен 90 продакшн компанияға контент-маркет ұйымдастырылады. Медиа апталықты ашып берген Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев мұндай шараны дәстүрге айналдыру қажеттігін баса айтты.

¤Елімізде ұйымдастырылып отырған алғашқы медиа апталық мемлекет пен қоғамның ақпарат құралдары мәселесіне көзқарасының нәтижесі. Апталық үш бөлімнен тұрады. Біріншісі Медиа контентке тапсырыс берушілер мен теле және радиокомпаниялар арасындағы келіссөз алаңы. Панельді сессия ұйымдастырылып саладағы мәселелер талқыланады. Екінші күн Астана Диджитал Форум деген атпен жалғасады. Халықаралық деңгейдегі мамандар әр түрлі тақырыпта сөз қаузайды. 6-шы қазанда аймақтық медиафорум ұйымдастырылмақ. Онда Баспа нарығындағы қордаланған мәселелер талқыланып, жаңа мүмкіндіктерді пайдану ісі сөз болады. Бұл шара туралы, жалпы қазақстандық медиа кеңістік туралы шетелдік телеарна өкілдерін сөзге тартып көрген едік. Олай болса тыңдап көрелік.

¤ «Қазақстанда өз өкілдігімізді ашқалы бері, телевизия саласында қызмет ететін шығармашылық топтармен танысып, олардың кәсібилігіне тәнті болдық. Қазіргі қазақ телевизиясы соңғы жоғары технологияны пайдаланады. Шетелдік арна өкілі ретінде сіздердегі телевизия деңгейін жоғары деп айта аламын», - деді Түркиялық телерадиокомпанияның астана қаласындағы өкілдігінің директоры Рашит НУРИ ӨЗДЕН. 

Бүгінгі шара аясында ұйымдастырылған «Media Talk» алаңында телевизия саласының мамандары да өз тәжірибелерімен, естеліктерімен бөлісті.

¤Ауқымды шараға 15 отандық және 7 шетелдік телеарналар өздерін, тауарларын таныстырды. Олардың ішінде біздің де арна бар. Айта кету керек, өңірлік БАҚ ішінен Алматы арнасы мұндай ауқымды шараға алғаш қатысып отыр. Айта кетейін, Астана «Медиа Уик» медиааптасы Мемлекет басшысы бастамасы - Қазақстанның рухани жаңғыруының негізгі басымдықтарын орындау мақсатында елімізде тұңғыш рет өткізіліп отыр. «Осының арқасында отандық медиа сфераны дамыту және өңірлік деңгейде индустриядағы іскерлік қатынастарды ілгерілетуге септігін тигізеді», - дейді мамандар.