Астанада Сирия бойынша келіссөздердің келесі раунды 30/31-ші қазанда өтеді. Кездесу барысында тұтқындарды, қамауда отырғандарды босату, қаза тапқандардың денелерін беру және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының ережесін бекіту жоспары талқыланады. Сонымен қатар, тараптар халықаралық терроризммен күрес мәселелерін қарастырады және Сирияны минадан тазарту жұмыстарын жүргізу туралы ұсынысты қабылдауға ниетті. Еске салайық, қыркүйекте өткен халықаралық кездесуде осыған дейін қабылданған ұсыныстардың орындалуы қарастырылған еді. Сирияда құрылған Эскалация аймақтары қақтығыстың көлемін едәуір төмендетіп Сириядағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді.