Астанада Сирияның мәселесін шешуге қатысты кезекті процесс аяқталды. Осымен алтыншы рет өтіп отырған бетпе-бет кездесуде 16-ға жуық мәселе ерекше аталып өтті. Отырысқа Сирия тарапынан 20-ға жуық өкіл арнайы келген. Сонымен қатар, кепіл мемлекеттер де түгелімен қатысты. Соңғы 8 ай ішінде жүргізілген келіссөздер айтарлықтай нәтиже берген көрінеді. Белгілі болғандай, аталмыш елдің бірнеше қалалары мен жақын аудандарында қауіпсіз аймақтар құрылып, бүгінгі таңда елдің экономикалық деңгейін өсіріп, инфрақұрылымдарын қайта қалыпқа келтіру сөз болды.
¤Кешелі бері бүкіл дүниежүзінінің назарында болған мәселе бүгіндікке тәмамдалды. Отырыс жабық есік форматында өтсе, түс ауа сағат төрттер шамасында делегация журналистер алдында баспасөз конференциясын өткізді. Алғаш болып сөз алған Сыртқы істер Министрі Қайрат Әбдірахманов 14 мәселеге жіті тоқталды. Демек, делегация өз тарапынан Сирия Араб Республикасының уағдаластыққа ұмтылысы кепіл мемлекеттердің көңілінен шықты.
«Кездесудің ойдағыдай өткеніне ешкім күмән келтірмейді. Бұл келісімге біз барлық қатысушылардың табандылық танытуының арқасында жетіп отырмыз. Дегеменде, алдымызда өзге де шешілмеген мәселелер бар. Ол әскери тұрғыдағы жағдайлар. Ең бастысы қарапайым халықтың жапа шегуіне жол бермеуіміз қажет», - деді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат ӘБДІРАХМАНОВ.
¤Отырысқа 20-ға жуық Сирияның өкілі қатысты. Оның ішінде, Сирияның оппозициясы да бар. Қабақтары біраз жібігендей. 8 айлық «табан ет , маңдай термен жеткен» келіссөздер нәтижесін берген. Қазір аталмыш елдің Идлиб және басқа да қалалары мен аудандарында қауіпсіз аймақ құрылған. Оның өзі тек 6 ай ғана тыныш өмір сүруге мүмкіндік бермек. Дегенмен осы қадамдарды сәтті пайдалану келісім жүргізуші тарапқа байланысты болмақ. Олардың сөзіне сенсек, қақтығысқа себепкер болып отырған өзге елдердің әскери күштері мүлде елді босатуы тиіс.
¤«Осы кездесуде Идлиб қаласында деэскалация аймағын құру туралы келісімге қол қойылды. Ол жерде 3 миллионға жуық сириялықтар тұрады. Бұл осы раундтың негізгі мақсаты еді. Женеве конвенциясында көрсетілген талаптарға сай ұмтылып отырмыз. Сирия басшылығы тұтқында отырғандарды босату мәселесін сыртқа ысырып отыр. Ресей мен Қазақстан тарапы бұл мәселені шешуге уәде берді», - деді Сирия делегациясының өкілі Айман АЛЬ-АСИМИ.
¤Сирия тарапының өзге өкілі Қазақстанға алғысын білдірді. Сонымен қатар, қауіпсіз аймақтарды құрудан бөлек Сирия әскерлері алдағы уақытта Қазақстанда тиым салынған ДАИШ сынды ланкестік топтарға қарсы тұратынын жеткізді. Демек, толыққанды бейбіт өмір сүру үшін террористік топтардың көзін жою қажет.
¤«Кездесу өте жоғары деңгейде өтті. Барлық қатысушылардың көңілінен шықты. Ең басты біз үш елдің бірдей келісімін жария еттік. Бұл меморандум барысында Сирия мемлекеті шекарасының бұзылмайтыныдығы, саяси тұрғыда тәуелсіз ел болытыны қарастылып отыр. Сонымен қатар, Сирияның әскери ДАИШ сынды өзге де лаңкестік топтармен белсенді күресетін болады», - деді Сирия делегациясының өкілі Джафари БАШАР.
¤Процесс барлық тараптың көңілінен шыққан сыңайлы. Қол қойылған құжат жарты жыл көлемінде күшін сақтайды. Қатысушы мемлекеттер айтқандай, ендігі мәселе Сирия аумағында жүрген өзге мемлекеттердің қарулы күштерін шығару және террорлық әрекеттерді үдетіп отырған топтардың көзін жою. Келесі бас қосу әзірге қазанның соңғы шенінен шегеріліп отыр.