Астанадағы «Шаңырақ» тұрғын үй кешенінің дауы бітер емес

22.09.2017 01:25

Астанадағы «Шаңырақ» тұрғын үй кешенінің дауы бітер  емес. Редакциямызға хабарласқан тұрғындар бұл жолы жеделсаты істен шықты деп шағымданып отыр. Айтуларынша, лифтің тоқтауына ПИК басшысын кінәлайды. Жеделсатының тоқтағаны жайында хабарландыру ілінгенімен, жөндеу жұмыстары әлі басталмаған.

«Шаңырақ» кешені тұрғындарының 12 қабатқа жаяу көтеріліп жүргендеріне бір аптадай уақыт болыпты. ПИК басшысы жедел сатыны күрделі жөндеуден өткізу керек деген желеумен қозғалысты мүлде тоқтатып тастаған. Тұрғындар тағдыры дәл "Ер төстік" ертегісін еске түсіретіндей. Олар «мінсек түсе алмаймыз, түссек қайта жоғары шығуға хәл жоқ», - дейді. Ай күні жетіп, босану уақыты таяған Махаббаттың да жаяу көтерілмеске амалы жоқ.

¤«Өзіміздің 3-ші подьездің лифтісі 1 айдан асты істемегелі. Кішкентай баламен әжесі қалған, ол «қайта қайта далаға шығам», - дейді, сол өте ауыр болды. 2-3 күн бұрын өз әжем қонаққа келген еді. Ол кісінің белі сынып қалған. Сол кісіге ауыр болды», - деді тұрғын Махаббат ҚАЛИЕВА.

¤«Мен 12-ші қабатта тұрамын. Күніне бірнеше мәрте жаяу мініп-көтерілемін. Менің өзіме қиын, ал қарттар мен науқастар қалай жүр деп таңырқаймын. Бұл жеделсаты өзі істей ма, жоқ па, пәтер иелері кооперативіне сенуден қалдық, түк жұмыс істемейді», -деді¤ тұрғын Зинаида ТИМОФЕЕВА.

Бұл жолы тұрғын үйдегі 8 жеделсатының бәрі бірдей тоқтаған. Қабырғаға бір айдың көлемінде лифтінің жұмыс істемейтіні жайында хабарландыру  ілінген. Десе де, көпшілік ПИК басшылығына кінә артады. Ал, мәселенің мән-жайын білу үшін «Меңдібаев. С.У» серіктестігіне тағы бардық. Бірақ, ел нанатын жауап берген жоқ. Тек, жеделсатыны жөндейтін қызметкерлер жұмыс бір айға созылатынын жеткізді. 

¤«Ол тұрғын үйде 8 жеделсаты жұмыс істемейтін, әкімшіліктен оған ақша бөлінді, қазір лифті келді. Бүгін оны нысанға апарамыз. Ал жеделсатының жұмысын қауіпсіздік шараларын сақтау үшін тоқтаттық», - деді  қызмет көрсетуші компания басшысы Роман РОСОХИН.

¤Тұрғындардың айтуынша, мұнда бірнеше рет апаттық жағдай орын алған көрінеді. Жерге құлаған жеделсатының ішінде 2 адам қалып қойған. Абырой болғанда, ешкім жапа шекпеген. Десе де, тозығы жеткен лифтіні дер кезінде жөндеуден өткізу пәтер иелері коперативінің мойнында. Айта кетейік, «Шаңырақ» тұрғын үй кешені тұрғындары мен пәтер иелері кооперативінің арасындағы текетірестің әзір бітер түрі жоқ. Оған тараптардың ай сайынғы төлемдерге байланысты өзара соттасуы себеп.

Әлия Алмауытова, Нұрлан Өтегенов, АТ. Астанадан.