Астанаға алғаш рет әлем елдерінен мыңнан аса кардиохирург келді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанаға алғаш рет әлем елдерінен мыңнан аса кардиохирург келді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы айдың басыда елордада өткен дәрігерлердің конгресіне жоғары бағасын берді. Президент ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының төрағасы Юрий Пямен кездесуінде, халықаралық жиынның маңыздылығына тоқталды. Аталған конгресстің жүрек-қан тамырлары ауруларын зерттеуге тың серпін беретінін айтты. Ал, орталық төрағасы осындай пікір алмасу арқылы -  отандық медицинаны құлаштап дамытуға болатынын жеткізді.                  

«Астанада өткен кардиохиругтер конгресіне мыңнан аса дәрігер келді. Бұрын-соңды мұндай жиын өтпеген еді. Тіпті, дүниежүзілік қауымдастық біздің елде ұйымдастырылған шараға жоғары бағасын беріп, ризашылықтарын білдіріп жатыр», - деді Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының төрағасы Юрий ПЯ.     

Латын әліпбиін бекітуде шатаспау шарт. Кеше депутаттардың талқысына түскен  25 таңба, 8 диграфтан тұратын әліпби  нұсқасы профессорлар мен студенттер арасында қызу талқылануда. Осы ретте, ең оңтайлы нұсқасын таңдап, тайға таңба басқандай бекіту маңызды. Кейбір  әріпті жазу үшін екі таңбамен белгілеу ережесін түсіну қиындық тудыруы мүмкін. Мәселен, мамандар  дайындаған жаңа әліпбиде "ә", "ө", "о" "Ү"  әріптері диграфтық, яғни қосарлы таңбамен белгіленбек. Қалған төл таңбаларымыз да дәл осындай екі бірдей дауысты дыбыстармен белгіленуі мүмкін. Әйтсе де, кейбір мамандар,  бір әріпке бір ғана таңба жазу жеткілікті деген пікірді алға тартуда.  

«Мысалы «ө»-ні «о»-ның үстіне ноқат қою арқылы, «ә»-ны «а»-ның үстіне қою арқылы таңбалады. Сол сияқты әр дыбысқа бір-бір таңба деген біздіңше сол ойға қонымдылау сияқты. Пернетақтада жоқ деп жатырмыз ғой, бірақ 42 әріпте сыйып жатыр ғой, оны да  жасауға болатын еді.  Кешегі парламеттік тыңдалымдағы ұсынылған нұсқаның жетістіктері бар», - деді ¤Абай Атындағы ҚазҰПУ филология және көптілді білім беру институтының директоры Балтабай ӘБДІҒАЗИЗҰЛЫ.


Новости партнеров