Астаналық автобазардан ұрланған бөлшектер тәркіленді

Астаналық автобазардан ұрланған бөлшектер тәркіленді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көшедегі көлікті тонау Астана қаласында да азаймай тұр.

Автобөлшек базарларына рейд жасаған астаналық сақшылар ұрланған сан алуан заттарды тәркіледі. Қолды болған бөлшектерді табу мен тәркілеуге төрт жүз полицей бірден шақырылған. Тұрғындардың қолды болған заттары көпшілікке «Қамқор-2», «Титан» атауымен танылған базарлардан табылды.

«Жедел алдын-алу шарасын жүргізу барысында көптеген автокөліктердің бөлшектері, яғни терезелері, айналары, аккумуляторлары, бампері тағы да басқа бөлшектері тәркіленді. Қолда бар қылмыстық істер бойынша сол заттардың бар-жоғын тексергеннен кейін, жұмыс ары қарай өз жалғасын табады», – деді Астана қаласының Ішкі істер департаментінің ресми өкілі София ҚЫЛЫШБЕКОВА.

Саудагерлер көбінесе ұрланған аккумуляторлар мен айналарды сатып отырған. Полицейлер базарларға қолды болған заттардың нақты тізімімен барды. Жоғалған заттар көзге түссе иесіне қайтарылады, ал ұрланған бөлшектерді сатумен айналысқан саудагерлер жауапқа тартылмақ. 

Новости партнеров