Астаналықтар 1 маусымнан бастап жаңа жұмыс кестесіне ауысады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Астаналықтар 1 маусымнан бастап жаңа жұмыс кестесіне ауысады. Бұл туралы жолаушылар басқармасының басшысы Бекмырза Егенбердинов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жұмыс графигі Экспо көрмесі өткеннен кейін де сақталады. Еске салсақ, Астана әкімі Әсет Исекешев бұған дейін елордалықтардың жұмыс жоспарымен таныстырған болатын. Сөзінше, мектептердегі сабақтың басталу уақыты сол күйінде, яғни сағат 8 болып қала бермек. Ал министрлік пен өзге де орталық мемлекеттік мекемелер 8,30-да басталады. Жоғары оқу орындары мен халыққа қызмет көрсету орталықтары, банк қызметкерлері жұмыс уақыты таңғы 10-ға ауыстырылмақ. Сондай-ақ бұл үрдіс Алматы қаласына да енгізілуі мүмкін.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10