Астананың «Лесная поляна» алабының тұрғындары 11 жыл бойы су азабын көріп келеді

Астананың «Лесная поляна» алабының тұрғындары 11 жыл бойы су азабын көріп келеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысының Қосшы ауылында орын текпен «Лесная поляна» алабының тұрғындары 11 жыл бойы су азабын көріп келеді. Таңы мен кешін шөлмекке тіршілік нәрін жинаумен өткізетіндер оның өзі ішуге келмейді дейді. Жығылғанға жұдырықтай кейде судың 4-5 күнге тоқтап қалып, жоғары қабатқа тамшылап қана ағатындығы тағы бар.

Гүлжахан Қыдырбайқызы «Лесная поляна» тұрғын алабынан 10 жыл бұрын пәтер алған. «Астанаға жақындадым» деген қуанышы алғашқы аптада - ақ басылыпты. Оған мезгілсіз тоқтайтын су мен оның ішуге жарамсыздығы себеп. Баяғы жартас - бір жартас» демекші, біз барғанда да су тоқтап қалған екен. Тек қаздай тізілген шөлмектегі жиналған техникалық су қиын жағдайдан құтқарып тұр. 

«Бізде судың мәселесі шешілмей келе жатыр бірнеше жылдан бері. Міне бесінші күн сусыз отырмыз. Таңертең, ел жұмыстан келген кезде барлығы суды қосқан кезде, осындай мәселелр туындайды. Кір жуатын машинаны қосып, балаларды шомылдырып, тамақ істей алмаймыз,-деді тұрғын, Гүлжахан ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ.

2007 жылы ғана пайдалануға берілген үйлер бір резервуарға қарап қалған дейді тұрғындар. Ішуге келмейтін суды тамшылап жинағанымен қатар, тұрғын алабында жылу беру де мезгілсіз өшіп қалады. ¤

«Жылу өшіріліп, үйлеріміз салқын болды. Кішкентай балаларымыз бар. Өзіміз де жаурап. Не үшін төлейміз сонда КСК-ға?»,-деді тұрғын, Гүлсім ӘБДІҚАЛЫҚОВА.

Қызығы, біз толып тұрған қоқыс жәшігін арнайы мамандар араға жарты сағат салмай тазалағаны, кіреберістің ішін жинағаны таңқалдырды. Аула, көше тазалығы мен қоқыс әкету жағдайы қалыпқа келтірілмеген. Жауапты «Экспресс-Комфорт» пәтер иелері кооперативінің басшыларынан мазалаған мәселелерді шешу үшін барсақ, құр сөзбен шығарып салады дейді тұрғындар. 

«Судың ағуына «Қосшы Коммуналдық» компаниясы жауапты. Біз тек оның қысымына, үйлерге жетуіне қараймыз. Ал, оның болмаған күндеріне келсек, сол кезде аяз тұрып, резервуарға су жиналмай, бос қалды. Сәйкесінше, кейбір тұрғындар қиыншылық көрді. Жылу да басқа компанияға қатысты. Қалың түскен қар, қоқысты біз қазір қосымша техника тартып, шығарып жатырмыз. Біз бәрінен хабардармыз»,-деді «ЭКСПРЕСС-КОМФОРТ» ЖШС инженері, Ерлан ЖАЙЫҚБАЕВ.

Пәтер иелері кооперативінің тек телеарналар келгенде ғана, су мен жылу, тазалық жағдайын реттейтін көз бояушылықтың шаршатқандығын жиналғандар жайып салды. Олардың айтуынша, соңғы кезде жылу үшін тарифте біршама өскен. Ал, кейбір жылдары көрсетілетін қызмет үшін бір жылдық төлем алдын ала алынып отырыпты. Ал, Целиноград ауданының әкімшілігі жауап беруден бас тартып, жауапкершілікті жауапты мекемелерге қарай сілтеп жіберді. 


Новости партнеров