Қазақтың астанасына 20 жыл. Елордада мерейтойға деген дайындық қызу жүріп жатыр. Қалада қазірден бастап үлкен тойдың жақындағанын айқындайтын нышандар көбейген. Мысалы, алдағы айдың басында Есілдің қақ ортасында көпшілікке ыңғайлы көпір құрылысы бітіп, жаңа Достық үйі пайдалануға тапсырылмақ. Екі нысан да облыстардың жас, әрі бас қалаға деген ерекше ынтасы. Ал стрит-арт суретшілері мерекеге орай қандай сый әзірлеп жатыр?
Әли Закир, стрит-арт жанрында үй қабырғаларына Қазақстандағы бірнеше қаланың суретін салған. Бірақ Астанаға деген махаббаты ерекше. Қалада бұған дейін «Қызғалдақ» және «Ықылас» атты қос туындысын аяқтаған суретші, енді «Бәйге» суретін салуға кірісіпті. Осындай түрлі тақырыптардағы кескіндемелер Елордадағы бірнеше үйдің қабырғасына салынған.
«Біздің жұмыстар қазақы нақышта. Сол тақырыпта жұмыс істеп жатырмыз.Енді шетелдің тілімен мақтанбаймыз ғой. Өзімізді таныту керек. Мысалы, текеметте, тюлпанның артында текемет тұр. Ол біздің тарихқа деген, біздің қайдан екенімізді көрсетеді. Одан кейін қызғалдақты алған себебім ол жаңалық. Көктемнің әсерін береді»,-деді суретші Әли ЗАКИР.
«Астананың 20 жылдық мерейтойына Атырау облысының сыйлығы осы көпір. 300 метр ұзындығы, ал салмағы 2 мың тоннадан көпір жаяу жүргіншілер мен велосипед тебушілерге арналған. Жабындыларына келетін болса, 2 мыңға жуық гүл формасында металл жабынды. Ал жалпы сомасы 6 миллиардан асады. Қаражатты бюджетен және демеушілер ортаға салған. Құрылыс жұмстары 1 - ші шілдеге дейін аяқталуы тиіс дейді мамандар»
Ал Маңғыстау мерекеге өзгеше үлес қоспақ. Бұл аймақ, ештеңе сыйламайды. Тек демеушілерден жиналған 1 миллиард 800 миллион теңгеге көптен бері құрылысы тұралап қалған нысанды қайта жөндеуден өткізіп, қаладағы тұңғыш Достық үйін сыйламақ. Кейін ол Қазақтан Халқы Ассамблеясына табысталады. Алматы облысы - 15 гектарды құрайтын саябақ, Ақтөбе - «Әлем қабырғасы» атты композиция ұсынса, Шығыс Қазақстан Ботаникалық баққа түрлі-түсті субұрқақ табыстайды. Ал Батыс Қазақстан Жеңіс көшесінен Бөгенбай батырға дейін саябақ, қалған аймақтар қосылып, Астанадан Ильинка ауылына дейін 56 шақырымға созылған веложол салып береді.
Нұржан Садырбай, Алматы телеарнасы.