Астанадағы мешіттерден Құран кітаптар ұрланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Астана тұрғыны қаланың бірнеше мешітінде ұрлық жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астана тұрғыны «Нұр Астана» мешітінен 70 мың теңге тұратын 12 «Құран Кәрім» кітабын ұрлап кетті.
«Сол күні ер адам «Әл-Ғани» мешітінде ұялы телефон ұрлығын жасады. Бірнеше күннен соң кезекті ұрлығын жасау кезінде «Әл-Ғани» мешітінің оқушылары ұстады», - деді Есіл аудандық сотында.
Сот процесі кезінде жәбірленуші сотталушымен мәмілесу туралы келісімге келді. Тараптардың ымыраласуы негізінде қылмыстық іс тоқтатылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10