Атбасар тағы су астында қалуы мүмкін

Атбасар тағы су астында қалуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атбасар тағы су астында қалуы мүмкін. Сейілмеген қауіп жайы Үкімет отырысында белгілі болды. Ішкі істер министрінің сөзіне сенсек, аталмыш аймаққа қосымша бөгет салу қажет. Қаржы қол байлағындықтан, бүгіндері тек  қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Көктемдегі су деңгейі сақталатын болса, онда сел ауданды шайып өтеді, дейді Қалмұхамбет Қасымов. Қазіргі кезде министрлік жабдықты күшейтуге 60 млн теңге бөліпті. Жұмыс желтоқсанның 10-да тәмамдалады.

«Үстіміздегі жылы 264 іс-шара қолға алынды. Оның 96-сы жыл соңына дейін аяқталады. Яғни, қосымша қорғайтын 17 бөгет, 67 гидротехникалық нысан, әрі 12 жуық тас жолдарындағы су өткізетін құрылғылар жөнделеді. Қостанай облысында 2 гидротехникалық нысан мен  2 бөгеттің салынуы бәсең жүріп келеді. Әрі, Қызылорда облысында 6 гидротехникалық нысандар бітпеген. Демек, жұмыс көлемі 70 пайызға аяқталған», - деді ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет ҚАСЫМОВ.

Дегенмен Қасымов алдағы уақытқа сеніммен қарағанымен, Бақытжан Сағынтаев атқарылып отырған жұмыстарға күмән білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл күзде Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлықпен күрес Ұлттық бюросы Атбасар ауданының бірнеше лауазымды тұлғаларына қатысты су тасқыны қаупіне «немкетті» қарағандары  үшін қылмыстық іс қозғаған болатын.  Бірнеше ауданды тасқын судан қорғайтын дамба көктемде қысымға шыдамай, жарылғаны мәлім. Салдарынан 650-ге жуық нысанды су басты. Селден зардап шеккен үш ауданға 200 миллион теңге көлемінде шығын келді. Ал қыркүйекте Атбасар ауданының әкімі Андрей Никишов қомақты пара алу дерегі бойынша ұсталды. Ақпарға сенсек, ол белгілі бір компаниялардың ықпалына түсіп, мемлекеттік сатып алу байқауында заңсыз шешім шығаруға жол берген.


Новости партнеров