Атырау мұнай өңдеу зауытында құбыр желісінің өртенуіне байланысты енді мұнай өндеу екі есеге азаяды. Бұл туралы зауыттың ресми сайтында жарияланды. Нақтырақ айтсақ, бір күндік мұнай өндеу көлемі 14 мың тонна болса, енді ол 7 мың тоннаға дейін қысқармақ. Төтенше жағдай департаменті таратқан ақпаратқа сенсек, қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндіруге 14 техника мен 120 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Тілсіз жауды мамандар 20 минуттың ішінде ауыздықтап үлгерген.