|
06.09.2018 | 19:49
1779

Ауғанстандағы жарылыста Қазақстан университетінің түлегі қаза тапты

Ауғанстандағы жарылыста Қазақстан университетінің түлегі қаза тапты

Ауғанстан астанасында болған лаңкестік оқиғаны «Ислам мемлекеті» ұйымы өз мойнына алды. 5 қыркүйек күні Кабулдағы спорт кешенінің бірінде қатарынан екі рет жарылыс болған. Оқиға орнында 20-дан астам адам көз жұмса, 70-тен астамы ауыр жарақат алған.

Белгілі болғандай, лаңкес жарылғыш құралмен спортшылар арасында өтіп жатқан жарысқа келген. Кейін өзін-өзі жарып жіберіпті. Ал екінші жойқын жарылыс көп ұзамай, жақын маңдағы автокөліктің маңында орын алды. Еліміздің Сыртқы істер министрілігі қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ деп хабарлады.  

«Жарылыста зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ», – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек СМАДИЯРОВ.

Айта кетейік, мерт болғандар қатарында БАҚ өкілдері де болған. Соның бірі –Ауған азаматы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі Саид Самим Фарамарз. Ол Tolo News телеарнасында қызмет еткен екен.  

«Кабулдегі танымал телеарналардың бірінде журналист, репортер болып жүрген Саид Самимнің терактіден қаза болуы жанымызға батып, қайғырдық. Алдағы сәрсенбі күні Ауғанстандағы терроризм тақырыбында БҰҰ және Ауғанстан елшілігінің қолдауымен үлкен шара өткіземіз. Оған осында оқып жүрген Ауған елінің жастарын, Самимге дәріс берген ұстаздарын, достарын, студенттерді, бәрін шақырамыз. Сонда фотокөрме ұйымдастырып, Самимнің өмірі мен шығармашылығына арналған фотоларды қоямыз», – деді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің кафедра меңгерушісі Гүлмира СҰЛТАНБАЕВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир