Аягөзде үйін су басқан 12 отбасына жаңа пәтер берілді

21.03.2018 17:06

Аягөзде үйін су басқан 12 отбасына  жаңа пәтер берілді. Барынан айырылған тұрғындарға баспана кілтін облыс әкімі Даниал Ахметов тапсырды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Наурыз мерекесін жақсы жаңалықпен қарсы алған тұрғындар тез үйлі болатындарына сенбегендерін айтады. Облыс басшыларының айтуынша, он күннен соң тағы 15 жанұя жаңа баспанаға қол жеткізеді. Аягөздегі тасқын апатынан 140 үйге су кіріп, оның ішінде 14 үй құлап қалған еді. Комиссия тағы 18 үйдің апаттық жағдайда тұрғанын анықтаған. Ал апаттың салдарымен күресу үшін  «Аягөз болашақ» қорына гуманитарлық көмек ретінде 169 млн теңге жиналған. 


Теги: Аягөз