Аймақтық арналардың ақпарттары бір контентке тоғысуы мүмкін

Аймақтық арналардың ақпарттары бір контентке тоғысуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұдан былай аймақтық арналардың ақпарттары бір контентке тоғысуы мүмкін. Бұл хабар алмасуды жеңілдетіп, көрермен санын көбейтпек. Оған қоса, жарнама берушілер де бір терезе арқылы тапсырыс бере алады.

БАҚ-тың болашағы талқынаған бұл бас қосуға 600 маман қатысты. Оның ішінде шетелдік тілшілер қауымы да бар. Солардың бірі - көршілес Өзбекстаннан келген делегация. Олар Қазақтанның беретін тәжиірбесі көп екендігін алға тартты. Сондай-ақ өздерінен де сабақ алуға шақырды.

«Қазақстандық БАҚ-тың жұмыс істеуі Өзбекстанмен салыстырғанда өте қарқынды. Бірақ біздегідей редакцияда ақпарат жіберген штаттан тыс журналистерге қаражат төлеу арқылы жұмысты екі есе жеделдетуге кеңес берер едім. Мәселен бізде жіберген хабардың маңыздылығына қарай әрі аудиторияның қызығушылығына қарай  5 мың сомнан 50 мың сомға дейін төлейміз.  Фото, видеосы жоқ материалдарға күдікпен қарап, қайта тыңғылықты тексеруден өткізіп барып, жариялаймыз», - тілші деді Тимур АБДУЛЛИН (Өзбекстан).

ІІІ саммитте сөз болған мәселенің бірі - аймақтық теледидардың тағдыры таразыға тартылды. Осы саладағы кәсіби мамандар еліміздегі барлық  аймақтық арналардың бірігіп, бір-бірімен хабар алмасуы маңызды, дейді. Оған қоса, жарнама нарығының дамып, одан түскен қаражаттың телеарна дамуына жұмсалуы көзделген.  

«Қазақстанның 6 қаласындағы 7 арна бір жүйеге қосылдық. Нәтижесінде жарнамаға тапсырысты бір терезе арқылы қабылдай аламыз. Мұндай пилоттық жобаның әлемде көшірмесі жоқ. Алдағы уақытта барлық аймақтық арналар бір контентке тоғысуы әбден мүмкін», - деді  International Media Service компаниясының бас директоры Дильмурат РАХИМОВ.

Бұл бастама месенджерлер мен желілерден қалыспау үшін көрермен мен оқырманға ұсынар ең ұтымды жоба болса керек.  Осы ретте, бұл мәселені аймақтық  БАҚ қоғамдық бірлестігі  қолға алған.

«Әр арнаның өз көрермені бар. Мәселен, біздің 9 сағат бойы теледидар мен радио арқылы тікелей эфир мен тікелей толқынға бірдей шыққан сәттеріміз де болды. Бұл көрерменді  барынша қызықтыра тарту үшін жасалған. Осындай өнімдерді аймақтық арналардың бір контентке жинастыру аудитория санын арттыруға мол мүмкіндік береді», - деді  Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар таратушылар қауымдастығының  мүшесі Руслан НИКОНОВИЧ.

Осы ретте, бұқараның сандық телеарналарға қосылғандығы маңызды. Мысалы, 2012 жылы цифрлық арнамен қамтылған халықтың үлесі 23% болатын, 2016 жылы бұл көрсеткіш 77,5 пайызға жеткен. Ал 2017 - 2020 жылдарға арналған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында көрермен санын 95 пайызға жеткізу қажет.  

Әйкерім Ердәулетқызы, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров