|
10.04.2017 | 12:05
1043

АҚШ-тың Сирияға жасаған соққылары мұнай бағасының өсуіне де себеп болды

 АҚШ-тың Сирияға жасаған соққылары мұнай бағасының өсуіне де себеп болды

 АҚШ-тың Сирияға жасаған соққылары мұнай бағасының өсуіне де себеп болды. Сарапшылардың айтуынша, бұл әлемдік нарықты алаңдатты. Қазір қара алтын барреліне 55 доллардан асып тұр. Электронды сауда көрсеткіштері бойынша, Brent маркалы мұнайдың жылдық орташа бағасы барреліне 54 долларды құрады.  Қазір аталған марка түрі барреліне 55,48 доллар көлемінде бағаланып отыр. Демек, өсім 1,63 пайызды көрсеткен. Сондай-ақ, WTI маркалы мұнай бағасы барреліне 52,4 долларға саудаланып жатыр. Оның бағасы 1,35 пайызға ұлғайған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир