БАҚ өкілдеріне мемлекеттік органдар 3 сағаттың ішінде жауап беруге тиіс - Абаев

23.11.2017 22:50

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң жобасын мәжіліс депутаттары екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады. Осы заң жобасы негізінде 6 кодекс пен 16 заңға өзгеріс енеді. Айта кетейік, бастапқы нұсқадағы  мемлекеттік органдардан ресми жауап алуға берілген 14 күндік мерзім, соңғы нұсқада бір аптаға қысқарған. Әрі мемлекеттік маңызы бар ақпарларға қатысты ресми ақпар беру мерзімі де өзгерді. Бұл құжат жалпы алғанда бұқаралық ақпарат құралдарын, телерадио хабарларын тарату, ақпараттандыру мен байланыс қауіпсіздік саласында қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуін қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

«Журналистер көптен бері көтеріп жүрген мәселе 15 күннен 7 күнде сауалға жауап беру  мерзімі өзгерді. Мемлекеттің өміршеңдігіне қатысты оқиғаларға мемлекеттік органдар 3 сағаттың ішінде жауап беруге тиісті», - деді ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен АБАЕВ.