Бағдат Мусин жол жүру ережесін жиі бұзатындарды ерекше жазалау жолын ұсынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бағдат Мусин жол жүру ережесін өрескел әрі жиі бұзатындарды ерекше түрмен жазалауды ұсынды. Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитеті төрағасы түрлі заң мен жолдағы белгілерді қаперге алмайтындардың көлік нөмірін, аты-жөнін әлеуметтік желілерде жариялау керек, дейді. Ол бұл ұсыныс темір тұлпар тізгіндеушілердің ереже сақтауына септігін тигізеді деген пікірде. Сонымен қатар, төраға «Сергек» камера жүйесінің жұмысына тоқталды. Жүйе орнатылғаннан бері түрлі көлік иелерінің заң бұзушылықтары тіркеліпті. Олардың арасында қала ішінде жылдамдықты 120 шақырымнан түсірмейтіндер де бар. Тіпті, бір күнде ол бейнебақылау камерасына 10 рет түскен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34