Бағлан Майлыбаев пен Николай Галихиннің қамау мерзімі ұзартылды

13.03.2017 17:31

Бағлан Майлыбаев пен Николай Галихиннің қамау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Астана қаласының Есіл аудандық соты мәлімдеді. Хабарламада "7 наурызда Астананың № 2 Есіл аудандық соты Президент Әкімшілігі Басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев пен Президент Әкімшілігіндегі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Николай Галихиннің қамау мерзімін 12-ші мамырға дейін ұзартты" делінген. Еске сала кетейік, Бағлан Майлыбаевты 16 қаңтарда Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген яғни, "Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету" сияқты қылмыстарды жасады деген күдікпен ұстаған болатын. Сондай-ақ, мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен Президент Әкімшілігінің қызметкері Николай Галихин ұсталған еді.