Елбасы жолдауындағы жоспарлар барынша жылдам іске асырылуы тиіс. Үкімет басшысы бүгін әр министрге жеке-жеке тапсырма берді. Жауапкершілік пен жеделдік басты талап екенін де атап өтті. Жолдаудың бірінші міндеті Инвестициялар және даму министріне жүктелді. «Индустрияландыру бойынша жаңа технологияларды енгізу тетіктерін ойлап табу қажет», - деді премьер-министр. Ақпарат және коммуникация министрлігі технологиялық парктердің, Назарбаев университеті және «Астана» қаржы орталығы негізінде цифрлық - инновациялық шешімдерді дамытпақ. Ал, Энергетика министрлігі - «болашақ» энергия көзін өндіруге көңіл бөлмек. Сондай-ақ, Премьер-министр Жолдауды халыққа жеткізуді және міндеттерін уақыты орындауды жүктеді. Ұсыныстар 13-қаңтарға дейін қабылданатынын ескертті.