Балаларын шақырмақ болған астаналық келіншек 12-қабаттан құлап кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қошқарбаев көшесіндегі «Сенатор» тұрғын үй кешенінің ауласынан жас келіншектің мәйіті табылды. Куәгерлер ол балконнан құлап кеткен болуы мүмкін деп болжап отыр, деп хабарлайды Sputnik.kz.
«Сенатор» тұрғын үй кешенінің тұрғындары хабарлағандай, жиырма алты жастағы Астана тұрғыны балаларын айғайлап шақырмақ болғанда 12-қабаттағы балконнан құлап кеткен.
«Асфальтта жатқан мәйітке мас әйел екен деп ұзақ уақыт ешкім жақындамаған», – деді Sputnik-ке сұхбат беруші.
Көршілері марқұм сол жерде жан тапсырғанын, артында үш баласы қалғанын хабарлады.
Астана Ішкі істер департаментінің қызметкерлері аталған оқиға бойынша полицейлер жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Қазіргі таңда қайғылы оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34