Балқаш тұрғыны әйелін ұрып өлтірді

10.09.2018 15:21
Балқашта ішімдікке тойып алған азамат әйелін қатты ұрып соққаны сонша, келіншек оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды KYN.KZ .

Ер адам өзінің не себепті мұндай әрекетке барғанын түсіндіре алмады.

Айтуынша, оқиға болған күні ол ішімдікті шамадан көп мөлшерде ішкен көрінеді. 

Салдарынан себепсізден-себепсіз сүйіктісінің басынан бірнеше рет ұрып, марқұм сол жерде қаза тапқан. Кейін ол пәтерден кетіп қалған екен.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 99 бабы («Кісі өлтіру») бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.