|
02.02.2018 | 09:46
1612

Балқашта бес балықшы қар құрсауынан құтқарылды

Балқашта бес балықшы қар құрсауынан құтқарылды

Балқашта бес балықшы қар құрсауынан құтқарылды. Төтеншеліктер көлге ау салуға шығып, содан қайтып оралуға әлдері келмеген тұрғындарға дер кезінде көмек көрсеткен. Мамандар мұздың беті қатқанымен, қапыда қақ ортасына опырылып кетуі мүмкін дейді. Сондықтан, сақтық үшін - өзге балықшыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қаперде болсын, қысты күні балық аулаудың өзіндік тәртіптері бар. Мәселен, мұздың беті қарайған тұстан жүру - қашанда қауіпті. Сондай-ақ, балдырлар өсіп тұрған аумаққа аяқ баспау керек.

«Өзіммен бірге дәрі қобдишасын алып жүремін. Алда жалда керек болып қалар деп, көліктің жүк салғышына жіп пен күрек салып қойғанмын»,-деді Николай КИМ.

«Күнделікті профилактикалық жұмыс жүргіземіз. Балықшылардың тізімін құрдық. Сақтық үшін қауіпсіздік ережелері жазылған қағаздар таратып жатырмыз»,-деді Суда құтқару құрылымының қызметкері, Александр КАСЬЯНОВ.

Құтқарушылар қамдандық дегенімен, балықшылардың барлығына араша түсу мүмкін болмады. Мәселен, өткен айдың басында Сорбұлақ көлінде 2 балықшының із-түзсіз кеткенін арнамыздан көрсеткенбіз. Жоғалған жігіттер әлі күнге табылмапты. Оларды іздестіруге сүңгуірлер де ат салысқан еді. 


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир