Алматы облысында өзгенің мүлкін иемденген алаяқтар ұсталды

Алматы облысында өзгенің мүлкін иемденген алаяқтар ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өзгенің мүлкін оңай жолмен алдап, иемденіп алған әйелдің ісі сотқа жолданды. Ақша ауысқалы жатыр деп зейнеткерлердің қолдарындағы зейнетақысын алғанмен қоймай, банкке жинаған 840 мың теңгесін қолды қылған. Бұл жеңіл жолмен ақша табуды көздеген азаматша бүгінде Алматы облысы Қарасай ауданы ІІБ-н3ң қамау изоляторында отыр. Күдіктімен Нұрсейіт Жылқышыбай тілдесіп келді.

45 жасар Евгения Жеңіл жолмен ақшаны өмірімнің соңына дейін тапсам, шалқып өмір сүрсем деп ойлаған. Алайда, оның арам пиғылы ұзаққа бармаған. Кәмілет жасына толмаған үш баласы бар. Қазір алаятық  бабы бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 190 бабының екінші бөліміне сай іс қозғалуда. 

«Мен өз кінәмді мойындаймын. Алаятық әрекетке бардым, жасағаным рас. Бірақ, менің жанымда екі адам болған. Олар қазіргі таңда қашып жүр. Нақты мекен жайларын білмеймін. Мен тек орындаушы болдым. Екі миллион теңгеге дейін қаражат жымқырдық»,- деді Күдікті, ЕВГЕНИЯ.  

Оңай келген қаражат олжа болмайтынын енді түсінген Евгенияның жасаған қылмысы толығымен дәлелденсе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі таңда ісі сотқа жолданған.

«Сегізінші наурызда ақша ауысады деп жұртты дүрліктіріп ақшаларын алып келген азаматша құқық қорғау орган қызметкерлерінің құрығына ілікті. Ол өзіне тағылған қылмысын мойындап отыр. 840 000 теңге ге дейін қаражатты бір адамнан жымқырған»,- деді Алматы облысы Қарасай АIIБ тергеу бөлімі басшысының орынбасары, Айдос ҚАЛЖАТБАЙ. 

Құқық қорғау орган қызметкерлерінің сөздерінше, түрлі алаяқтыққа білек сыбана баратындардың қатарында әйел азаматшалары көп дейді. Тіпті , үш айдың ішінде 12 алаяқ тәртіп сақшыларының қолына түсіп, олардың тоғызы темір торға қамалған. Ал, қалған  үшеуіне қатысты іс әліде тергеліп жатыр.  

«Мектептің жанынан оқушылардың құлағындағы сырғаларын көріп белгісіз әйел «сендер неге мектепке сырға тағым келесіңдер бұны сабақтан соң учительски кабинетен алып кетесіңдер» - деп алтындарын жымқырып келген факты анықталды. Нәтижесінде ол әйел білім ордасында мүлдем қызмет атқармаған»,- деді Алматы облысы Қарасай АIIБ тергеу бөлімі басшысының орынбасары, Айдос ҚАЛЖАТБАЙ.

Бүгінде еш жасыратыны жоқ қылмыстың ішінде ең көп кең таралғаны ол - алаятық. Яғни, бөтеннің мүлкіне қол сұғушылардың саны әліде азаймай келеді.  Ал, ақша ауысқалы жатыр деп талайдың қалтасын қаққан Евгения «ұрлық түбі қорлық екенін» енді жақсы түсінгендеймін дейді.

 


Новости партнеров