Алматыда сауда орталықтарын заманауи кейіпке келтіруде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда сауда орталықтарын заманауи кейіпке келтіру жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек базарларды жаңарту жөнінде көшпелі жиын өткізді. Шара барысында «Көк базар» мен жаңа «Mizam» орталығын аралап көрді. Жаңартылған сауда орталықтарында қауіпсіздік және санитарлық нормалар қатаң сақталған. Ал жаңа сауда кешені Француздық «Ранжис» базарының тәжірибесі негізінде жасалыпты. Басты ерекшелігі тауарлар сөреге делдалсыз жеткізіледі. Толығырақ Жадыра Омаржан жалғастырсын.

¤Қала әкімі Бауыржан Байбек көшпелі жиынды алдымен «Көк базар» сауда орталығын аралаудан басталды. Есте болса, базар жаңартылып ресми түрде ақпан айында ашылған болатын. Аумақ 10 мың шаршы метрді құрайды. Жобаның құны 2,5 млрд теңге. Одан кейін Француздық «Ранжис» базарының тәжірибесі негізінде салынған Мизамға ат басын бұрды. Бұл жаңа жобаның ерекшелігі сол өндірушілермен тікелей байланыс орнатылған. Бұл делдалдардың көзін жойып, тауардың бағасының тиімді болуына септеседі. Тағы бір айта кетерлігі, базар мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында салынған. Құны 3 млрд теңгеден астамы жоба 2 мың адамды жұмыспен қамтыған. 

«Сатып алушылардың қалталарына қарап, тағамдардың бәрін төмен бағамен сапалы бағамен өткізу. Ол үшін бізде өзіміздің ветсан экспертизамыз бар. Өзіміздің лабораториямыз бар. Өзіміздің қоймаларымыз бар. Біздің бірінші мәселеміз - төмен баға. Төмен баға болу үшін төмен аренда болуы керек»,- деді Базар басшысы, Досмұқан КЕРІМБАЕВ. 

Базарда 36 шағын дүкендер мен сауда жасайтын 128 үстел бар. Орталықта 970 көлікке арналған тегін көлік тұрағы да қарастырылған. Қазір сауда кешенінің 2500 шаршы метр аумағы жұмыс істеп тұр. Жылдың соңында 8000 шаршы және 10 000 шарш метрлік бөліктері де іске қосылмақ.

«Мен «Байбесік» ықшамауданында тұрамын. Бізге осы жер жақын өзімізге. Бұрын анау Алтынордаға, Көк базарға, Оптовкаға баратынбыз. Қазір өзімізге жақын, қолайлы болды. Жақсы бәрі бар. Ет те бар, көкөністе бар. Жеміс-жидек те бар. Бәрі бар. Осы жерден аламыз»,- деді Алматы қаласының тұрғыны, Фарида ҚАЗКЕНОВА.

Елена Омарәлиева зейнетке шыққан соң сауда-саттықпен айналысуды жөн көріпті. Жұмыс орнын әлеуметтік "Mizam" базарынан алған. Өйткені, мұнда ол 2 айға тегін тұрады. Бұл кәсіпкерге тұтынушы жинап алуға зор мүмкіндік. Ал, тегін мерзім біткен соң айына 15 мың теңгеден төлейді. Базардағы азық-түлік  бағасы да арзан. Ал, саудагер, жаңа базардың тауары да қымбат болады деген халықтың пікірі жансақ деп санайды.  

«Тікелей өндірушілерден аламыз. Осы Алматы облысындағы Ащыбұлақ жақтағы өндірушілерден тікелей аламыз. Біздің баға басқа базарларға қарағанда бағалар төмен. Акция ұйымдастырдық әжептеуір төмен бағамен. Листовка тараттық. Адамдар келіп жатыр. Келіп уже алып жатыр. Оптом да в розницу да алып жатыр»,- деді Саудагер, Елена ОМАРӘЛИЕВА.

Айта кетейік, Алматыда 2013-ші жылдан бері 11 базар жаңартылған. Атап айтқанда Олжа, Сәлем, Ақсай 3, Алатау 1 мен 2, Евразия, Юпитер,Ақжар және Қарасу. Одан бөлек, тағы да бес Қарқара, Саяхат, Тастақ және Ақ бұлақ сауда орталықтарын жаңалау жұмыстары жүріп жатыр.  

Жадыра Омаржан, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров