«Болашақ» бағдарламасы арқылы бітірген 1200-ге жуық кәсіби маман Астана қаржы орталығынан өз орындарын табады. Бұл туралы орталықтың бас менеджері Қайрат Келімбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл соңғы 20 жылда жақсы дайындықтан өткен қызметкерлерді жұмыспен қамтудың басты шешімі. Қайрат Келімбетов «Халықаралық қаржы орталығы» Астана қол жеткізген жетістікті қайталауы тиіс деген пікір білдірді. Орталықтың жұмысын жолға қою бағытында мемлекеттік басқаруда еңбек өтілі жоғары азаматтар мен сырт елдің мамандары белсенді ат салыспақ. Айта кетейік, бүгінгі бас қосу Астананың 20 жылдығы аясында қаржы орталығының ресми ашылу салтанатына бағытталған.
«Бізде 12 мыңға жуық «Болашақ» бағдарламасын тәмамдаған түлектер бар. Олардың барлығы АҚШ, Ұлыбритания, Еуропалық кеңес, Қытай елінің ең үздік жоғары оқу орындарында оқыды. 40 мыңға жуық маман «Үлкен төрттік» яғни, «Биг төрт» жүйесінен өтті. Оның ішінде Прайс Уотерхаус Кэперс (PriceWaterhouse Copeers), Делойт энд Тушей (Deloitte&Touche) компаниялары бар»,-деді «Астана халықаралық қаржы орталығының» басқарушысы Қайрат КЕЛІМБЕТОВ.