Батырхан Шүкенов атындағы қор өз жұмысын тоқтатпақ

Батырхан Шүкенов атындағы қор өз жұмысын тоқтатпақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батырхан Шүкенов қоры өз жұмысын тоқтатпақ. Оған жобалардың өзін-өзі ақтамауы себеп болған. Қорды жабу туралы шешім осы жылдың мамыр айында қабылданыпты. Онда 3 адам қызмет еткен. Жобаларды іске асыруға Алматы қаласы әкімдігі мен кәсіпкерлер мен әншінің достары көмектесіп тұрған. Жыл аяғына дейін қор батырхан шүкеновтің жаңа альбомын жарыққа шығармақ. Қазір ол 90 пайызға дайын. Одан бөлек, тағы 3 альбомға сиятын әндер жинағы бар екен. 

«Қала әкімдігі көп көмек көрсетті. Олар біздің барлық жобамызды қолдап, көмектесті. Бірақ қаржылай емес. Мысалы, алғашқы концертімізді ұйымдастыруға залды тегін берді, жарнаманы тегін жасады. Демеушілеріміз бірнеше жобамызды жасауға септесті. Мен де өте ризамын, бірақ оларға жүгіне беру де ыңғайсыз. Өздері ештеңе ұсынып жатқан жоқ. Көптеген кәсіпкерге бардым, біреуі «көмектесем», - дейді, екіншісі бұл енді ешкімге керек емес деп есептейді. Көмектескен адамдар да болды, қалғаны көмек қолын созғысы келмейді», - деді Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қордың директоры Олжас БАЙҚАНОВ.

¤Батырхан Шүкеновтің атындағы қор өзі жұмысын 2015 жылдың тамыз айында бастаған болатын. Осы уақытқа дейін бірнеше жобаны іске асырыпты. Соның ішінде қазақ тілінде жаңа альбом жарыққа шыққан. Концерт ұйымдастырылған. Жиналған қаржы есебінен әншінің ұлына үй сатып алып берген.


Новости партнеров