Алматыдағы субұрқақтар қалпына келтіріліп, жасыл желек аумағы ұлғайып, тарихи нысандардың сырты ежелгі келбетіне оралады. Қала басшысы Бауыржан Байбек осындай тапсырма берді. Әр квартал, әрбір көше жөнделіп, ретке келтіріледі. Алматының бұрынғы тартымдылығын қайтаратын кез жетті, дейді қала басшысы. Алматы әкімі жұмыс сапары барысында күрделі жөндеуден өтетін бірқатар жерасты өткелдерін де аралып, жөндеу барысында жүргіншілер үшін қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуді тапсырды. Айта кетейік, қаланың тарихи орталығын жаңарту одан әрі жалғасын табады. Ғимараттардың сыртқы кейіпі өзгеріп, жүргінші аймақтары кеңейеді. Нысандар біріңғай архитектуралық сипат алады. Жоба мемлекет басшысының жолдау аясындағы мегополисті модернизациялау және одан әрі экономикалық дамытуға қатысты жасалған «Алматыны дамытудың 2050 драйверінің» аясында қолға алынған.Жалпы биыл ұзындығы 155 шақырым болатын 157 көше жөнделеді. Мақатаев, Байтұрсынов және Жароков көшелеріндегі трамвай жолдары алынады. Жол жиегін жөндеу барысында тратуарлар абаттандырылады, арық науалары алмастырылады. Қолданылмайтын ұүрылымдар жойылады.