Алматы әкімдігі таулы аймақтарда жүретін 65 автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Автобустар шалғай ауылдарда орналасқан, яғни таулы мекендерде тұратын адамдарды көлікпен қамтамасыз ету үшін сатып алынбақ. Қаладағы жолаушылар тасымалдайтын мекемені аралау кезінде қала басшысы өңіріміздегі көлік саласын дамытуға айтарлықтай көңіл бөлу қажеттігін айтты.
«Авто Алма Транс» компаниясы Алматыдағы қоғамдық көліктерді тасымалдаудың 20 пайызын қамтитын көлемі жағынан екінші ірі компания. Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары аталмыш компания көліктеріне қатысты наразылық білдірген еді. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мекеме басшыларымен кездесіп, жұмыс орнын аралады. Тексеру нәтижесінде сын да айтылды, бірқатар тапсырмалар да берілді.
Бұдан бөлек, Алматы әкімдігі таулы аймақтарда жүретін 65 автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Автобустар -шалғай ауылдарда орналасқан, яғни таулы мекендерде тұратын адамдарды көлікпен қамтамасыз ету үшін сатып алынбақ. Өз тарапынан қала әкімшілігі жолаушы тасымалдау мекемелеріне қысқа толыққанды дайындалу үшін барынша қолдау көрсететін болды.
«Біздің барлық қалалық тасымалдаушыларға ай сайынғы берілетін өзінің жеңілдігі бар жолаушыларға төленетін компенсация ақша бар, өтемақы. Сол өтемақыны біз 2-3 критерий қолданып, содан ақша ұстап қалатынбыз. Енді сол қысқы мерзімде біздің тасымалдаушыларға қолдау ретінде, жанармай бағасы да 40 пайызға көбейіп кетті, осы қысқа толыққанды дайындалу үшін өтемақыны толық көлемде беруге, жалпы сомасы ай сайын 60-80 миллион теңге бүкіл тасымалдаушыларға қосымша беретін болды», - деді Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт ИСАХОВ.
Алматы қаласы көлік холдингінің деректері бойынша, Төле би көшесіне қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ қолданысқа енгізілгелі бері жолаушылар саны едәуір артқан. Жолақ жоқ кезінде қоғамдық көліктерді пайдаланатын адам саны аптасына 300 мың болса, арнайы жолақ іске қосылғаннан кейін бұл көрсеткіш 30 мың адамға көбейген. Осы күнге дейін қалада 40 шақырым веложолдар, 100 мыңнан аса шаршы метр тротуарлар мен 120 аялдама салынған. Қоғамдық көлікке арналған жол алты көшеде салынып, оның жалпы қашықтығы 86 шақырымды құрайды.
Сая Меңдеке, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы