"Байтерек Development" -тің бұрынғы басқарма төрағасы тұтқындалды

02.12.2016 17:18

"Байтерек Development" -тің бұрынғы басқарма төрағасы, қазіргі "Қазақстандық Тұрғын үй комуналдық шаруашылығын модернизациялау және дамыту орталығы-ның төрағасы Бақыт Жақсыбаев тұтқындалды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады. "Байтерек Development" компаниясы қызметтік тұлғаларының аса ірі көлемде пара алу фактісіне қатысты тергеу барысында Жақсыбаев қылмыстық жүйені ұйымдастырушылардың бірі болып, қылмысқа қатыстылардың барлығының қызметін басқарып, олардың арасында рөлдері мен алатын параларының көлемін белгілеп отырған", - деп хабарлады.  2016 жылдың 30 қарашасында №2 Алматы аудандық соты оған қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім шығарды.