"Мәңгілік полк" шеруінде он мыңдаған Алматылықтар сап түзеді

10.05.2017 18:17

Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған «Мәңгілік полк» шеруіне ондаған мың алматылық қатысты. Қан майданға қатысқан әрбір үшінші қазақстандық қаза тапты. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, 2017 жылдың 9 мамырында азаматтар Ұлы Отан соғысында жаумен шайқасқан өз ата-бабаларының портреттерін көтеріп, сап түзеді.