Алматының үш ауданында екі күн су болмайды

26.04.2017 17:33

Алматының үш ауданында екі күн қатарынан суық су болмайды. Қаланың  «алтын квадрат» деп аталатын аудандарының ішіндегі барлық көшелерде ауыз су беру сәуірдің 27-28 күндері тоқтатылады. Яғни, Төле би мен Әл-Фараби даңғылы және Абылай хан мен Зенков көшелерінің аралығын құрайды.  Сондықтан «Алматы су» холдингі  жөндеу жұмыстарына қатысты тұрғындардан су қорын молынша құйып алуларын ескертіп отыр.

«27 күні сағат тоғыздан 28 күні сағат таңғы тоғызға дейін суық су өшіріледі. Ол Алмалы, Бостандық және Медеу аудандары. Желтоқсан көшесі мен Ганди жерінде жұмыстар жүріп жатыр», - деді «Су желісі» МКМ бас инженері Шамшатдин БАҚТЫҒАЛИЕВ.