Астанада қаңғыбас иттер 40 адамды қапқан

Астанада қаңғыбас иттер 40 адамды қапқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада жеті мың қаңғыбас ит әтектендірілмек. Алдағы жаз айларында қала әкімдігі жанындағы «Астана ветсервис» коммуналдық мемлекеттік мекемесі иесіз жүрген төрт аяқтыларды біртіндеп ұстап, ұрпақсыздандыруды жөн көріп отыр. Көктем мен күзде даланы паналағандар аса қауіпті, дейді мамандар. Көктем басталғалы көше иттері 40 адамға тісін батырған.

Қаладағы қаңғыбас иттерге біршама уақыт пана болатын «Астана ветсервис» мемлекеттік мекемесінде аяқ алып жүре алмайсың. Бұл жерде 250 итке шақталған орын, 480 төртаяқты бар. Оларды тамақтандырудың өзі үлкен мәселе көрінеді. Мекеме өкілдері қаржы тапшылығынан бөлек, жұмысшылар санынның аздығын айтады.

«Бізге жұмыс қолы жетіспейді. Иттерге дұрыс қарайтын, тамақ-суын беретін мамандар жоқ. Тек еріктілер келіп, көмектесіп тұрады. Күзетшілерді жетіспейді. Қазіргі кезде 480 ит бар. Оларды біз бұнда 60 күн ұстай аламыз. Осы арада оларға қожайын да табу керекпіз. Бірақ азматтар біздің иттерді көріп, бас тартады. Өйткені, дұрыс күтім жоқ», - деді «Астана ветсервис» КММ директорының орынбасары Медет ҚЫЛЫШБАЕВ.

Күн райы жыли бастағанда топ-тобымен бас көрсететін иттер аса қауіпті дейді дәрігерлер. Тек қана наурыз айында қаңғыған төртаяқтылар 25 адамды қауып алған. Травмотологтар ит тістесе уақыт созбай дер кезінде ем алу қажет дейді. 

«Көктем келісімен жануарлардың көбісі далада жүреді. Қожайындары да иттеріне қарай қоймайтын шығар. Сондықтан белгісіз иттердің өткен ай бойынша, белгісіз иттердің тістегені, 25 науқас келіп бізге қаралды. Ал енді өзінің жануарларынан тістегендердің саны 15-ке жетіп отыр. Барлығы бізге өткен айда 40 науқас тістелген жарақатымен келді», - деді Травматология және ортопедия ғылыми-институтының травматолог маманы  Талғат ТҮЙТАБАЕВ.

«Астана ветсервис» өкілдері қазіргі кезде қалада қожайындары жоғалтқан төбеттерді қайтарудың жаңа жолын тапқан. Бүгінде 200-ден артық үйдегі иттерге арнайы иесі туралы мағлұмат жиналған чип тігілген. Егер мамандар қолына түскен жағдайда, чипті тексеріп, қожайынның аты-жөні мен жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы иесін тауып қайтарып береді.

Ал жергілікті билік барлық мәселерден хабарар. Өткен жылы құзырлы орган 4 мың итті әтектеген болса, биыл тек 500-і ұрпақсыздандырылған. Биыл оның санын 7 мыңға дейін жеткізу көзделіп отыр.


Новости партнеров