Би, ән және сән көрсетілімі. Алматыда «Бозторғай» дәстүрлі балалар шығармашылының фестивалі жиырмасыншы рет ұйымдастырылды. Биыл байқауда әлемнің 12 елінен келген 800 жас өнерпаз бағын сынады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл рекордтық көрсеткіш. Талантты жастар Орталық мәдениет және демалыс саябағында өнер көрсетті.
«Әр жыл сайын мыңға жуық бала келеді ғой. Себебі 4 номинация ғой. Сондықтан да хореография, сән, халықтық орындау, вокал, соның барлығы. Әрине балалар хореографиясына көп балалар келеді. Сондықтан да 20 жылда санап көріңіз қанша бала болғанын. Мен енді санаған жоқпын. Олардың арасында жұлдыздар бар екенін де білесіздер», -деді «Бозторғай» байқауының авторы Қарлығаш ӘБДІКЕРІМОВА
Байқау 3 номинация бойынша өтті. Оның ішінде музыка, хореография және сән көрсетілімі бар. 3 күн аралығында жюри 82 орындаушы және 20 би ансамблінің өнерін тамашалаған.