|
16.07.2018 | 14:00
2006

Головкин мен «Канело» реваншының билет құны 8 миллион теңгеден асады

Головкин мен «Канело» реваншының билет құны 8 миллион теңгеден асады

Журналист Las Vegas Now Крис Маатхьюс 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтетін Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші жекпе-жегінің билеттер құны туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

Сонымен, билет сатумен айналысатын сайттардағы ең қолжетімді билеттер құны $554 (190 850 теңгені) құраған, бұл жоғарғы қабаттардағы, яғни орындығы жоқ артқы орындардың бағасы. Рингсайдтағы ең қымбат билеттердің бағасы $23 250 (8 009 625 теңгеге) жеткен. Билеттер сатумен ресми түрде айналысатын AXS.com сайтындағы ең төменгі қолжетімді баға — $800 (275 600 теңге).

«Канело» – GGG реваншына 1XBET букмекерлік кеңсесі мынадай коэффициенттер қойып отыр: Головкиннің жеңісі — 1.6, Альварестің жеңісі — 2.69, тең түсу — 23. Олардың алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде өтіп, даулы тең ойынмен аяқталған болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир