Бішкектегі әуе апатынан қаза тапқандар жер қойнауына тапсырылды. Ел үкіметі марқұмдардың мәйітін туған жерлеріне ұшақпен жеткізген. Қара жамылған отбасылардың әрбіріне қырғыз билігі 1 мың доллар көлемінде көмек көрсетті. Одан өзге, жомарт жандар арнайы ашылған есеп-шотқа ақшаларын аударып жатыр. Әр аймақтан киім-кешек пен азық-түлік те жеткізілуде. Ал, үйлері қираған тұрғындар - туыстарын паналап кеткен. Қаперде болса, осыдан 2 күн бұрын "Манас" әуежайы маңындағы саяжайға түрік ұшағы құлаған еді. Салдарынан 38 адам қаза тапқан. Әзірге апаттың не себепті болғаны белгісіз. Мамандар ауа райы қолайсыз болды деген болжам айтуда.