Биыл «Алматы-Қорғас» автомобиль жолы арасында өткізу пункті ашылады

10.04.2018 19:48

«Алматы-Қорғас» автокөлік жолы арасындағы «Нұр жолы» өткізу пунктінің құрылысы биылғы маусымда аяқталатын болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жаңа өткізу пункті туралы Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министі Жеңіс Қасымбек айтып берді. «Алматы-Қорғас» автокөлік жолы учаскесінде (Батыс Еуропа - Батыс Қытай) «Нұр жолы» өткізу пунктін салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының жалпы құны 98,2 млрд теңге.

«2017 жылдың 26 желтоқсанында Қаржы министрлігі мен «Evrotranzit Terminal» ЖШС арасында «Алматы-Қорғас» автожолы учаскесінде өткізу пунктін салу мен пайдалану жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына қол қойылды. Құрылыс биыл екініші тоқсанында аяқталады», - деді министр.

Жеңіс Қасымбектің айтуына қарағанда, «Нұр жолы» 2026 жылға дейін пайдаланылмақ. Жаңа өткізу пункті Қазақстан мен Қытай арасындағы шекарада автокөлік өткізу қабілетін тәулігіне 2500-ге дейін ұлғайтуды қамтамасыз етеді.