Биыл Алматы велотурының көлемі ұлғаяды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматы велотурының көлемі ұлғаяды. 5-ші рет өтетін мерейтойлық жарыс енді екі күнге созылады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, осы жылғы сайыс  бұрынғыдан өзгерек болмақ. Себебі көпкүндік бәйге Халықаралық велосипедшілер одағының жоғары дәрежелік статусын алыпты. Турдың ерешелігі сол, бұған дейін қатысушылар белгіленген бағытты қайта-қайта айналып өткен болса, енді велошабандоздар сөреден мәреге дейінгі жүзден аса қашықтықты өткеруі тиіс. Жарыстың негізгі бөлігі - қала көшелерінде, ал соңы таулы аймақта өтеді. Додаға әлемнің 17 елінен 20 команда қатысады. Өзімізден 3 ұлттық ұжым қатысады. Бәйгенің жалпы жүлде қоры - 30 мың евро.


«Қазақстан велосипед спорты федерациясының ұсынысымен биыл біз екі тур қабылдап отырмыз. Қаланың өзінде 320 км-ден артық жолда біздің келген командалар өздерінің өнерлерін көрсететін болады. Бұл екі күнге созылады», - деді Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл ДӨҢБАЕВ. 


Новости партнеров