|
14.08.2018 | 19:42
1721

Биыл Қазақстанда көмір тапшылығы болмайды

Биыл Қазақстанда көмір тапшылығы болмайды

Биыл Қазақстанда көмір тапшылығы болмайды. Бұл туралы инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр мәлімдеді.

Оның айтуынша, жеті айда еліміздің әр түпкіріндегі стансаларға 32,5 миллион тонна көмір жеткізілсе, коммуналдық-әлеуметтік керек-жараққа 5,5 миллион тонна қара отын  жіберілген. Ал шетелге экспортталған көмір көлемі – 15 миллион тонна. Ведомство таратқан ақпарат бойынша, жыл басынан бері Қазақстанда 60 миллион тонна көмір өндірілген.  

«Бүгінгі күні Энергетика министрлігінде жергілікті атқарушы биліктің коммуналдық-әлеуметтік сұранысына орай көмір тауары жинақталған. Біз тас отынның жеткілікті болуын, адамдарға дер кезінде жетуін жыл сайын қадағалаймыз. Сондықтан министрлікте аймақтарға керек мөлшер, жеткізілу уақыты, құны мен тасымалдаушы компаниялар жұмысының кестесі дайын», – деді ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман СКЛЯР.    

Ол «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы тасымалдайтын көмір бағасы да қадағаланатын болады деді. Ал жергілікті жеке алыпсатарлардың бағаны қымбаттатпауын министрлік пен жергілікті әкімдіктер бақылауға алады.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир