Биыл Халықтық IPO-ға отандық мекемелер құнды қағаздарын шығармақ

22.01.2018 14:14

Теңге нығая түссе, ұлттық компаниялардың акция құны да тұрақтанады. Қазақстан қор биржасы осыны алға тартуда. Биыл Халықтық IPO-ға отандық мекемелер құнды қағаздарын шығармақ. Осы ретте, бұқара тағы да аталған жобаны сәтті пайдаланып,  табысты инвестор атана алады. Акцияларын сатылымға шығаратын отандық компаниялардан жеке тұлғаның  өзі қалаған соммаға сауда-саттық жасап, әрі қарай құнды қағазды игеруіне мүмкіндік мол. Оған қоса, жыл соңында мекеме үлескерлерге дивиденд үлестіріп отырады. Қазақстан қор биржасы әзірге бір ғана компанияның қатысатындығын алға тартты.

«Біз биыл Халықтық IPO бағдарламасы ауқымды түрде жүргізіледі деп үміттенеміз. Қазақстан қор биржасында «Қазақтелеком» команиясының акциялары сатылымға шығарылуы мүмкін. Егер теңге нығая түссе, корпортивті құнды қағаздың артатындығы сөзсіз. Меніңше, алдағы уақытта шетел валютасына деген сұраныс азаюуы мүмкін», - деді «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Андрей ЦАЛЮК. 

Былтыр Қазақстан қор биржасында құнды қағаз сауда-саттығының қызғандығы соншалық, рекордтық көрсеткішке жеткен. Нақтырақ айтсақ, 60 пайызға артып, 151 триллион теңгеден асқан. Оның ішінде құнды қағаз нарығы 3 есеге көбейіп, 3 миллиард 450 миллион теңгені құраса, ақша айналымы 64 пайызға көтерліген.