Биыл ұлттық әскери-патриоттық орталықтың құрылғанына 2 жыл толды

29.12.2017 22:21

Елімізде ұлттық әскери-патриоттық орталықтың құрылғанына биыл 2 жыл толды. Осы аралықта ұйым қызметкерлері жастардың рухын көтеріп, отан сүйгіштікке үндейтін түрлі шаралар ұйымдастырған. Олар жас жауынгерлердің жігерін жанып, намысын қайрай түсу үшін, жоғары шенді әскерилермен жиындар өткізіпті.  Ұлттық сананы жаңғырту мақсатында мерекелік шараларға мұрындық болып, түрлі байқауларда қанжығаларын байлады. Мәселен, биыл Ресейде өткен "Катюша" сайысында бас жүлдені еншілеп, ел мерейін үстем еткен.

"Жас сарбаз" балалар және жасөспірімдер республикалық қоғамдық ұйымы да құрылып, бұл ұйымның бастауымен әскери-патриоттық жұмыстарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының имиджін қалыптастыруда жалпылама 130 іс-шара өткізіліп, 68 мың оқушының басын біріктіріп, 2498 әскери-патриоттық клубтар құрылды», - деді ҚР ұлттық әскери-патриоттық орталығының бөлім қызметкері Салтанат ӘЛИ.