Sputnik. Қазақстан полициясы Қырғызстан азаматын босатып алу бойынша
арнайы операция жүргізді.
ІІМ мәліметіне сүйенсек, қырғыз кәсіпкерін Алматының үш
тұрғыны ұрлап кеткен.
«17 сәуірде түнде Алматы – Тараз тас жолында күдіктілер көлікті тоқтатып, полиция қызметкерлеріміз деп өздерін таныстырған, кейін жолаушыны ұрлап әкеткен», — деп хабарлайды Қазақстанның Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі.
Ұрланған азамат Қырғызстаннан келген бизнесмен екен. Ұсталғандар қамауға алынды.