«Нұр Отан» партиясы Елбасының бес әлеуметтік бастамасының орындалуын қадағалайды

«Нұр Отан» партиясы Елбасының бес әлеуметтік бастамасының орындалуын қадағалайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қалалық демократиялық күштер коалициясының кезекті отырысы Елбасының бес әлеуметтік бастамасы атты халыққа үндеуіне арналды. Оның құрамында елдегі жетекші партия өкілдері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері мен ғалымдар бар. «Нұр Отан» партиясы президенттің бес әлеуметтік бастамасын кезең-кезеңімен түсіндіруді қолға алады. Оған қоса, олардың орындалуын қадағалайды.

«Алматы қаласында 50 драйверлік жаңа бағдарлама қолға алынуда. «Нұр Отан» партиясы мұның барлығына белсене араласады. Алматы қалалық филиалы партияның биылғы жылы каникул кездерінде студенттерді осы құрылысқа жұмылдыруды жоспарлап отыр. «Өз жатақханамызды өзіміз саламыз» деген бастама көтеріп отырмыз. Жуырда осының бағдарламасын біз Алматы қаласының әкіміне, қалалық филиалы төрағасының бекітуіне ұсынамыз», - деді «Нұр Отан» партиясы алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайым-Мұнар ТАБЕЕВ.

Үшінші бастамада студенттерге жағдай жасау туралы айтылған. Қазір жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлінбек. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады. Жоғары оқу орындарының басым бөлігі Алматыда орналасқандықтан, бүгін 38 білім ордасының ректорлары жиналып, оны жүзеге асыру жолдарын талқылады.

«Жоғары оқу орындарының жатақханамен қамтамасыз етуге бағытталған саясат. 20 мың қосымша грант бөлу және мемлекеттік шығындарды осы арқылы кеңейту бұл тек қана бүгінгі күнгі емес, бұл әрқашанда өз өзектілігін жоғалтпайтын мәселе. Өздеріңіз білесіз Алматы қаласы жастардың қаласы. Соның ішінде студенттердің қаласы», - деді Т. Жүргенов атындағы қазақ Ұлттық өнер академиясының тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бойынша проректоры Шыңғыс ЕРГӨБЕК.



Новости партнеров